Белгілі актер еміне ақша сұраған қызды ата-анасы емдеуге алып кетті

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Бейнеден кадр

Өзінің бейнежазбасында осылай деген "Өнер қырандары" театрының актері Мадияр Серікбаев әлеуметтік желі арқылы халықтан көмек сұраған еді, деп жазады ЭК.

Ол қолындағы 6 жасар Хафиза есімді қыздың дертіне дауа тілей отырып, емге қажетті қаражаттың жетпей тұрғанын айтты. Бұған дейін өзгенің мұң-мұқтажына құлақ түріп, жәрдемші боп жүрген "Өнер қырандарының" қайырымдылық істері аз емес. Бұл жолы өз бастарына түскен ауыртпалықты көпшіліктің көмегімен жеңілдетсек дейді.

Туғаннан сал ауруына шалдыққан балақай театр актері Құдірет Топаевтың қызы екен. Диагнозы эпелипсияның ең ауыр түрі — Вест синдромы. Оған церебралды сал ауруының да ауыр түрі қосылған. Осы дертті емдеу үшін 30 миллион теңге қажет. Бірнеше блогер, өнер адамдары халықтан барынша көмек сұраған жазбаларын жарияланды.

"Театрымыздың ерке қызы Хафизаның еміне қаражат керек деген сәттен бастап, жекемізге шығып, хабарласып, хәлін сұраған жанашырларға, қолдан келгенше қаражатпен көмек берген жандарға Алла сауаптан жазсын. Міне керек қаражаттың бәрі толық жиналды. Осымен жылу жинау тоқтатылды", — деді "Өнер қырандары" театрының актері Мадияр Серікбаев.

Бүгінде Хафиза ата-анасымен Түркияға жеткен. Алдағы күндері қажетті емі басталады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров