Футболдан еурокубоктағы қарсыластарымыз анықталды

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Футболдан Чемпиондар лигасы мен Конференция лигасындағы қарсыластарымыз анықталды, деп хабарлайды ЭК.

Ел чемпионы Алматының "Қайрат" клубы Израильдің "Маккаби Хайфа" клубымен кездеседі. Алғашқы матчты "Қайрат" 6 немесе 7 шілдеде сырт алаңда өткізеді. Қарымта ойын 13-14 шілдеде Алматыда өтетін болды. Қарсыласы — Израильдің 13 дүркін чемпионы.

Ал Конференция лигасында Қарағандының "Шахтері" Румынияның "Стяуа" клубымен жолығатын болды. Бірінші кездесу 22 шілдеде Бухарестте өтсе, қарымта матч 29 шілдеге жоспарланған.

Былтыр ел бірінішілігінде күміс жүлде "Астанаға "Кипрдің "Арис" командасы қарсылас атанды. Алдымен Тихонов шәкірттері қарсыласты 22 шілдеде елордада қабылдса, қарымта кездесу бір аптадан кейін Кипрде өтеді.

Қостанайдың "Тобылына" жеребе бойынша Хорватияның "Хайдук" клубы түсті. Алғашқы ойын 22 шілде Сплитте өтсе, жауапты кездесу 29 шілдеде Қостанайда болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров