Ақтөбе облысында көлікте ойнаған балалардың бірі өртеніп кетті

Кәмшат ҚОПАЕВА

ПД баспасөз қызметі

Қайғылы оқиға Әйтеке би ауданы Еңбек ту ауылында болды, деп хабарлайды ЭК.

Бір үйдің екі баласы аулада тұрған "Ваз 2106" автокөлігінің ішінде ойнап отырған. Осы сәтте өрттің қалай шыққаны белгісіз көлік қызыл жалынға оранады. 7 жастағы бала жанып жатқан көліктен шығып үлгереді. Ал 3 жастағы інісі шыға алмай өртеніп кетті. Сыртқа шыққан баланың денесін күйік шалған.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

"Ата-аналар үнемі балаларының қайда және кіммен жүргенін бақылап отыру керек. Егер салғырттық танытар болса, соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін естен шығармайық", — деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.

Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров