Түркістанда аламан айтыс басталды

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

© ЭК

Үздіктер финалға жолдама алды, деп хабарлайды "ЭК".

Екі күнге созылатын аламан айтысқа, бұрынырақ айтқанымыздай, елімізге танымал ақындар қатысады. Атап айтар болсақ: Айбек Қалиев, Жансая Мусина, Мұхтар Ниязов және басқа да сөз сайыпқырандары кім мықтыны анықтап жатыр.

© ЭК© ЭК
© ЭК

Еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Түркістан облысының құрылуына 3 жыл толуына орай өткізіліп отырған іс-шараға Әселхан Қалыбекова, Бекарыс Шойбеков, Бауыржан Халиолла, Маржан Есжанова қазылық етеді.

© ЭК© ЭК
© ЭК

Айтыстың алғашқы күнінде Жансая Мусина мен Дәурен Ақсақалов арасындағы сөз сайысы көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады. Орынды ой, тапқыр әзілге орын берген екі айтыскер де келесі айналымға жолдама алды. Бұдан бөлек, Айбек Қалиев, Мұхтар Ниязов, Біржан Байтуов сынды мықтылар да финалдық кезеңге өтті.

© ЭК© ЭК
© ЭК

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров