Қостанайда әйелді пышақтап өлтірді

Экспресс К

Pixabay

Қанды оқиға қаланың қақ ортасы - Сұлтан Баймағанбетов көшесінде болған, деп хабарлайды ЭК.

Облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, күдікті 19.00-де ұсталды. Ол 37 жасар Қостанайдың тұрғыны.

Мерт болған әйел 1988 жылы туған. Әзірге ол туралы белгілі ақпарат осы ғана. Қазіргі таңда марқұмның кім екендігі анықталып жатыр. Суық қару күре тамырына тигендіктен ол бірден көз жұмған.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың себебі тексеріліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров