Бетон зауытындағы жарылысқа шенеуніктер де жауап беруі тиіс

Болат МӘЖИТ

Әлеуметтік желіден

Мәжіліс депутаттары Алматыдағы бетон зауытындағы жарылысқа байланысты шенеуніктерді де жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр, деп хабарлайды ЭК.

Олардың айтуынша бұл іске қатысты тек бизнес өкілдерін ғана жазалауға болмайды.

Депутат Андрей Линниктің айтуынша, ҚР Үкіметінің Қаулысына (№1097,22 қазан 2010 жыл) байланысты құрылыс өндірісінің нысандары қала сыртында орналасуы керек. Алайда бұл талап ескерілмей, 2013 жылы бетон зауыты тұрғын үй секторы аумағына салынған.

Осыған орай, депутаттар сегіз жылдан бері санитариялық қорғау аймағында жұмыс істеп жатқан зауыттың тиісті рұқсатты қалай алғанын анықтау мақсатында прокурорлық тексеру қажет екенін талап етіп отыр.

7 маусымда Алматыдағы Павлодарская 48 көшесінде орналасқан бетон зауытында жарылыс болғанын естеріңізге сала кетейік. Оқыс оқиға цемент таситын көліктен шикізатты тасымалдау кезінде орын алған. Машинаның шлангісі істен шығып, айналаға цемент ұнтақтары шашылған

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров