Ертеңге еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Экспресс К

Pixabay

Бейсенбіге республикамыздың жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ЭК "Қазгидромет" РМК сілтеме жасай отырып.

17 маусым күні Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр жел соғады деп болжам жасайды "Қазгидромет". Күндіз кей жерлерде қатты ыстық болып, ауа температурасы +35+38", — дейін көтерілуі мүмкін.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облысының кейбір аудандарында да аура-райы тұрақсыз болуы мүмкін.

Ал, Қызылорда облысында +40 градусқа дейінгі қатты ыстық болады. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы мен Ақтөбе облысындада ауа-райы тұрақсыз болады деп ескертеді синоптиктер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров