Қайын әпкесі келінін ұрып, ішіндегі баласын өлтірді

Болат МӘЖИТ

Ақмола облысында қайын әпкесі аяғы ауыр келінін ауыр соққыға жыққан. Салдарынан әйелдің ішіндегі бала шетінеді, деп хабарлайды ЭК

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша, қайғылы оқиға Жақсы ауданында орын алған.

"14 маусым күні Жақсы аудандық полиция бөліміне ауданның орталық ауруханасынан қабылдау бөлмесіне "іштің тұйық жарақаты" деген диагнозбен 36 жастағы жүкті әйел келіп түсті" дейді хабарламада. Өкініштісі сол, әйелдің ішіндегі нәресте өлі болған.

Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде әйелді ұрған 41 жастағы азаматша екені анықталды. Ол жапа шеккен жүкті әйелдің қайын әпкесі болып шықты. Тергеу барысында мәлім болғандай, 13 маусымда қайын әпкесі мен келіні арасында жанжал туындайды. Қайын әпкесі келінін іштен ұрғаны, сол мезетте оның екіқабат екенін білмегені де анықталды. Келіні де жүктіліктен бейхабар болыпты.

Қазір аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 106-бабының 1-тармағына байланысты сотқа дейінгі із жүргізу шаралары қолға алынды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров