Хабиб Нұрмагамедов Алматыға келді

Ауғанбек МАНАРБЕКҰЛЫ

Фото ашық дерек көздерден алынды

Әйгілі дағыстандық спортшы Хабиб Нұрмагамедов, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанға келгенін хабарлады, деп жазады ЭК.

UFCUFC экс-чемпионы Алматы көшесіндегі суретін жариялап, "Біз келдік, eaglefcmma турнирінде көріскенше", — деп жазды.

Нұрмагомедов аралас жекпе-жек бойынша халықаралық Eagle Fighting Championship турниріне арнайы қонақ ретінде шақырылған. Шара 18 маусым күні Алматы қаласында өтеді.

Жекпе-жек кешінің басты оқиғасы Шамиль Завуров пен бразилялық Рикардо Тирлонидің жұдырық түйістіруі болмақ.

Шамиль Завуровты кезінде Хабиб Нұрмагомедовтың әкесі Абдулманап Нұрмагомедов жаттырған. Хабиб пен Шамиль өзара аталас туысқан.

Әлеуметтік желідегі жарияланым алғашқы 4 сағатта-ақ жарты миллион лайк жинады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров