Оқулықта олқылық көп

Болат МӘЖИТ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Мәжіліс депутаты Мақпал Мыса мектептегі ағылшын тілі пәніне арналған оқулықтарда кеткен олқылықтарды айтып, Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ЭК.

"Экспресс Паблишин" баспасынан шыққан 1-5 сыныпқа арналған ағылшын тілі оқулықтарындағы иллюстрациялар мен мәтіндер қазақтың төл ұғымына, ата салтына сәйкес келмейді. Домбыраның да шығу тегі де бұрмаланып жазылған. Тіпті бірнеше мемлекеттің байрақтары көрсетілгенде, көк Туымыз олардан төмен орналастырылған. Мұндай немқұрайдылық оқушылардың отансүйгіштік иммунитетіне кері әсер етуі мүмкін.

Сондықтан депутат Білім және ғылым министрлігінің бағдарламасына енгізілген оқулықты қайтадан қарауды, оқулық шығару жауапкершілігін одан әрі күшейтуді сұрайды.

"Сараптамалық комиссия құрамына тек ағылшын тілі мұғалімдерін ғана емес, балалар психологынан бастап — суретші педагог, этнограф, иллюстратор, қазақ тілінің мамандары, әдебиетшілер, тағы басқа мамандарды енгізу қажет. Оқулықты басып шығаруда шетелдік емес, отандық баспаларды қарастыру қажет", — дейді Мақпал Мыса.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров