Бес жасынан бастап ән жазған бала туралы не білеміз?

Болат МӘЖИТ

Нұрәли Бейсеқожа / facebook.com

Алматыдағы мектеп оқушысы Нұрәли Бейсеқожа бес жасынан ән жазған. Ол қазір 200-ден аса музыкалық шығарманың авторы, деп хабарлайды ЭК.

Нұрәли бастауыш сыныпта оқып жүрген кезінде-ақ шабыт тұлпарын қамшылады.

Оның шығармалары халықаралық байқаулардың жүлдесін иеленді. Жазған шығармалары тыңдаушыларды тәнті етті. Сонымен қатар ол фортепиано мен скрипкада өте шебер ойнады.

Композиторлар одағы жас жеткіншектің талантына тәнті болып, оған "Қазақстанның ең жас композиторы" куәлігін береді.

Жас дарын "Анашым" әнін бес жасында шығарыпты. "Соғыссыз әлем", "Үміт сәулесі", "Шипа" әндері де жүректерді тербеді.

Олимпиада чемпионы Денис Тенге арнаған "Аққан жұлдыз" шығармасы тіптен әсерлі. Қазір Нұрәли Алматыдағы Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінде оқиды.

Әкесі — кәсіпкер, анасы — дәрігер. Соған қарамастан олардың үш баласы бірдей саз өнерін таңдаған. Әсіресе, Нұрәлидың арыны мен дарыны ерекше.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров