Ресей Еуроның финалдық бөлігінде алғаш рет жеңіске жетті

Нұрболат АДЫРБЕК

twitter.com / TeamRussia

Футболдан Еуропа чемпионатының Санкт-Петербургте өткен кезекті ойындарында Ресей мен Финляндия құрамалары кездесті, деп хабарлайды ЭК.

Бұл матчта Черчесовтің жігіттері үшін бәрі ойдағыдай болды десе де болғандай. Олардың қақпасына қонақтар тарапынан қарсы гол алғашқы үшінші минутта соғылғанымен, ол офсайд саналып, есепке алынбады.

Десе де, бұл гол стадион иелеріне біраз жинақталып, ширақ ойнауға тура келерін ұғындырғандай еді.

twitter.com / TeamRussiatwitter.com / TeamRussia
twitter.com / TeamRussia

Әрі қарайғы ойындарда мұндай қауіпті шабуылдарға жол берілмеді. Бірінші тайм үшін қосымша берілген 2 минут осы кездесудің тағдырын шешті десе де болады. 45-ші минутта Алексей Миранчуктың Финдердің қақпасына бағыттаған добы алаң иелерінің есеп ашуына мүмкіндік берді.

Осы сәтте 1:0 деген есеп тіркелді.

Ойынның 2-таймында екі жақтың да тынымсыз шабуылдары ешқандай өзгеріс әкелмеді. Нәтиже соңғы минутқа дейін өзгеріссіз қалды. Жеңіс алаң иелеріне бұйырды. Айтпақшы, бұл — Ресейдің соңғы 9 жылдағы Еуроның финалдық бөлігіндегі алғашқы жеңісі.

Бүгін Еуро-2020-да үш ойын өтеді. Кестеге сәйкес, Украина-Солтүстік Македония, Дания -Бельгия және Нидерланды-Австрия құрамалары кездеседі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров