Тұрғын үй бағдарламасының шарттары өзгеруі мүмкін

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Pixabay

Өйткені 150-200 мың теңге жалақы алатын қазақстандықтарға ипотекалық несиенің өзі қолжетімді емес, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков мәлімдеді.

Мәжіліс депутатының айтуынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны жыл сайын орта есеппен 50 мыңға өсіп келеді және бүгінде кезекте 550 мыңға жуық адам тұр.

"Елімізде халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында бірнеше мемлекеттік бағдарламалар әзірленді. "Нұрлы жер" және "Шаңырақ" (5-10-20) бағдарламаларына қатысу үшін сізде "Отбасы" банкінде салым болуы шарт және төлем қабілеттілігі расталу керек. Соңғы алты айдағы отбасының әрбір мүшесінің табысы 3,7 ең төменгі жалақыдан немесе биылғы есеппен 126 917 теңгеден аспауы керек. Алайда осы бағдарламалары бойынша үй сатып алуға кедергі болатын факторлардың бірі — белгіленген 3,7 күнкөріс деңгейінің коэффициенті", — деді Жамбыл Ахметбеков.

Мәжілісмен бұл бағдарламалар негізінен халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған, ал кезекте тұрғандардың негізгі бөлігі назардан тыс қалады деп санайды.

Сондықтан НПК фракциясының депутаттары несие шарттарына қойылатын талаптарды өзгертуді ұсынады. Атап айтқанда: соңғы алты айда отбасының әрбір мүшесіне кірісті "Нұрлы жер" және "Шаңырақ" бағдарламалары бойынша 3,7 ең төменгі жалақыдан 6-ға дейін көтеруді, ал Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ең жоғары несие сомасын 18 миллион теңгеге дейін арттыру керек деді. Сондай-ақ басқа аймақтарда "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 13 миллион теңге қылып, "Отбасы Банк" АҚ арқылы несие алу үшін жергілікті атқарушы органдарда баспана кезегінде тұрғынадар үшін бастапқы төлемді 50% -дан 30% -ға дейін төмендетуді ұсынды.

Осылайша өз ұсынысын нақты жеткізген Жамбыл Ахметбеков мұндай шаралар баспана кезегін айтарлықтай қысқартады деген сенімде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров