Семейде автопарк қызметкерлері наразылық білдірді

Нұрболат АДЫРБЕК

Әлеуметтік желіден

Семейдегі ірі автопарктердің бірінің жүргізушілері мен кондукторлары ереуілге шықты, деп хабарлайды ЭК.

Ереуілдің себебі автопарк пен жұмысшылар арасындағы жалақы мен әлеуметтік қамсыздандыру бойынша берешектің көбейіп кетуі. Сөйтіп6 автобус паркінің аумағында заңды алашақтарын даулаған ондаған жүргізушілер мен кондукторлар жиналды. Басшылық қызметкерлеріне 20 миллион теңге қарыз.

КТК телеарнасының хабарлауынша, наразылық салдарынан қаладағы қоғамдық көлік қозғалысы тоқтап қалған. Тұрғындар жұмыс орындарына таксимен жетуге мәжбүр болыпты.

Наразы топтың айтуынша оларға міндетті зейнетақы жарналары және медициналық сақтандыру төлемдері де уақтылы төленбей келген.

Біз 50% мемлекетке тиесілі, 50% жекеменшік иесіне тиесілі компаниямыз. Субсидияларымыз қайда? Біздің сақтандыру қайда? Жалақы қайда? Біз таңертеңнен кешке дейін адал жұмыс істеп жүрміз ғой,

дейді жиналғандардың бірі.

Осы мәселеге байланысты Семей қаласы әкімінің кеңесшісі Димитрий Гариков түсініктеме берді.

Қазіргі таңда паркке қатысты сот процестері жүріп жатыр. Жұмысшылардан барлық сот процестері аяқталғанша күтуін сұраймыз. Осы процедуралар толық аяқталғанға дейін, қандай да бір төлемдер жүргізуге шешім қабылдауға заң жүзінде құқығымыз жоқ,

дейді Д.Гариков.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров