Қазақ қызы америкалық танымал брендтің келбеті болды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

instagram.com / bayana_b

Қазақстандық модель Баян Бакишева белгілі америкалық дизайнердің жарнамасына түсті, деп хабарлайды ЭК.

Америкалық дизайнер Александр Ванның (Alexander Wang) жарнамалық түсірілімі Лос-Анджелесте үш күн бойы өткен. Брендтің жарнамалық науқанына суреттерден бөлек Sisters ролигі де түсірілген. Түсірілім барысын дизайнер Александр Ваның өзі арнайы келіп қараған.

instagram.com / alexwangnyinstagram.com / alexwangny
instagram.com / alexwangny

Бір айға созылған кастинг Нью-Йорк пен Лос-Анджелес қалаларында бір мезгілді өткізілген. Әлемдегі ең танымал брендтермен жұмыс істейтін, сән әлемінің өкілдері де осы жерде болды. Іріктеуді сән индустриясында танымал кастинг директор Анита Биттон жүргізді.

instagram.com / bayana_binstagram.com / bayana_b
instagram.com / bayana_b

Кастингтен өтпек тұрмақ оған барудың өзі абырой саналады. Сіз тек соңғы нәтижесін көресіз, бірақ бұл жұмысқа орналасу үшін іріктеудің қанша кезеңінен өту керегін адамдар біле бермейді. Онлайн кезеңдер де, продюсерлік және кастинг-директорлармен тікелей кастингтер, өлшеу, кейін финалдық кезең, онда Александр Ванның өзі және оның командасы таңдайды", — дейді Баян Бокишева.

Осы жұмысқа қол жеткізгеніне ерекше қуанышты екенін айтқан Баян осылайша әлемнің фешен-картасында Қазақстанның танымалдығын арттыруға және сән индустриясын дамытуға үлес қосқанын мақтан етеді. Америкалық ірі брендтің келбеті болуға қол жеткізген алғашқы қазақ қызы әлі де алар асуларым көп дейді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров