Ақтөбеде тұрғындарды алдап, қомақты қаржы рәсімдеген кеңесші ұсталды

Кәмшат ҚОПАЕВА

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Несие кеңесшісі екі тұрғынды алдап, құны 1 миллионнан асатын тауарды несиеге рәсімдеген, - деп хабарлайды ЭК.

Полиция бөліміне қаладағы банктің бірінен менеджер хабарласып, клиенттерінің алданғанын айтады.

Ұялы телефон сататын дүкеннің 28 жастағы несие кеңесшісі зейнеткерді алдап, құны 1 миллион теңгеден асатын тауарды несиеге рәсімдеген. Кеңесші бұнымен тоқтамайды. Осындай жолмен Ақмола облысының тұрғынына 1 миллион 150 мың теңгеге тауарлық несие рәсімдейді.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Облыстық полиция департаменті бейтаныс адамдарға жеке куәлік және өзге де құжаттардың көшірмесін беруге болмайтынын ескертеді. Төлем карталарының деректерін әлеуметтік желіге жарияламаған жөн.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров