ШҚО-да тауда жоғалған бала төрт сағаттан соң табылды

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

ТЖД

Бала аман-есен үйіне оралды, деп хабарлайды "ЭК".

15 маусымда сағат 00: 05 Зайсан аудандық полиция бөлімінің "102" телефонына Сарытерек ауылдық округіне қарасты "Қызыл" жер учаскесінде 11 жасар бала жоғалып кеткендігі жөнінде хабарлама түскен.

Зайсан АІІБ-нің тергеу-жедел тобы қол шамдарының көмегімен жақын маңдағы ауданды, тау шатқалдарын тексеріп шықты. Төрт сағаттық іздеуден кейін бала табылып, аман-есен отбасына оралды.

ТЖДТЖД
ТЖД

Төтенше жағдай мамандарының айтуынша бала Қапшағай қаласынан Зайсанда тұратын туыстарына қонаққа келген. Оқиға болған күні туыстарымен бірге Зайсан қаласынан 150 шақырым жерде орналасқан Қызыл жер учаскесіндегі жайлауға мал айдап барған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров