Тараздағы кафеде әйелдер арасында жаппай төбелес болды (видео)

Нұрболат АДЫРБЕК

Бейнеден кадр

Жанжал кезінде екі адам дене жарақатын алған, деп хабарлайды ЭК.

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі келтірген мәліметке сүйенсек, төбелес кафенің жазғы алаңқайында болған.

"Екі белгісіз әйел кафенің жазғы террасасында облыс орталығының екі тұрғынына дене жарақатын салып, артынша оқиға орнынан белгісіз бағытқа қашып кетті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көп ұзамай 33 жастағы екі азамат күдікті ретінде ұсталды. Іс бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды", — деді полицияның баспасөз қызметі.

Бұл күнде осы іс бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-тармағының 1-бөлігімен (адамдар тобында жасалған бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

1Сондай-ақ, ӘҚБтК-нің 425-бабы Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін, кафе иесінде әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша СЭС-ке материал жіберілді", — деп толықтырды полиция.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров