Ақтөбе облысында көлік өртінен зардап шеккен екінші бала көз жұмды

Кәмшат ҚОПАЕВА

© ЭК

Ақтөбе облысындағы Әйтеке би аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан 7 жастағы бала бүгін таңертең қайтыс болды, - деп хабарлайды ЭК.

Кеше аталған ауданның Еңбек ту ауылында қайғылы оқиға болған еді. Ішнде бір үйдің балалары ойнап отырған көлік өртеніп, үш жастағы бүлдіршін сонда жанып кеткен болатын. Ал оның өртенген көліктен аман шыққан ағасы ауыр күйікпен жансақтау бөліміне түсті. Ауданға Ақтөбе қаласынан бір топ дәрігерлер аттанды. Бірақ жеткіншек сол күйі тілге келмеді.

"Баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Денесінің түгелге жуығы және тыныс алу жолдары күйіп кеткен. Бүгін таң алдында көз жұмды", — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Жалпы жыл басынан бері облыста 63 көлік өртенген. Соның салдарынан 5 адам қаза тауып, 12 адамды күйік шалған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің басым бөлігі көлікте техникалық пайдалану ережелерін сақтамағаннан болған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров