Түркістанда әкімдікке наразы тұрғындар жолды жапты

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Бейнеден кадр

Қаланың орталық даңғылдағы көлік қозғалысы уақытша тоқтады, деп хабарлайды ЭК.

Бүгін әлеуметтік желіде Түркістан қаласы тұрғындарының әкімдікке наразылық білдіріп, орталық көшені жапқанын көрсетететін видео тарады. Басты себеп — жер мәселесі. Мемлекет тарапынан тұрғын үй құрылысын салу мақсатында берілген жерлердің құжаттары дұрыс болмай шыққан. Сондықтан, отырған үйлері заңсыз деп танылған. 50-60 шақты адам жолда тұрып, осы мәселені реттеуді талап етті.

Бейнежазбадан полиция қызметкерлерінің тұрғындарды таратып жатқанын да көруге болады. Ал жергілікті билік қалада ахуалдың тұрақтанғанын айтып ақпарат таратты.

"2005-2006 жылдары Түркістан қаласы, Яссы ауылдық округі әкімдігінің шешімдерімен жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін 243 азаматқа жер телімдері берілген. Алайда, Түркістан қаласы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" оның ішінде 181 шешімнің мұрағатта түбірі болмағандығын анықтады. Осының негізінде аталған шешімдер Яссы ауылдық округі әкімінің шешімімен қайта бұзылған. Бұл жағдай тұрғындардың инфрақұрылым жүйелеріне (табиғи газ, жарық, ауыз су) қосыла алмауына әкеп соққан. Қазіргі таңда, туындаған мәселені түпкілікті шешу мақсатында жергілікті тұрғындар мен қала әкімдігінің лауазымды тұлғалары арасынан жұмыс тобы құрылды. Істің зерделенуіне тұрғындар арасынан қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында белсенді 3 азаматты қатыстыруға шешім қабылданды. Жиналған тұрғындар сағат 10.00-де толығымен тарады. Қазіргі уақытта саяси ахуал тұрақты", — деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров