АЭА-ға жұмсалған 372 миллиард теңге шығынды ақтамаған

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтар тиімсіз болып отыр. Мұндай тұжырымды Сенаттың жалпы отырысында есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова жасады, деп хабарлайды ЭК.

Оның айтуынша, Қазақстандағы 13 арнайы экономикалық аймақтың тек үшеуінің ғана құрылысы аяқталған.

"2001 — 2019 жылдар аралығында арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымын дамытуға тек республикалық бюджеттен 372 миллиард теңге бөлінді. Оның 62% -ы Ұлттық қордың қаражаты болды. Алайда құрылыс 13 АЭА-ның үшеуінде ғана толығымен аяқталды. Барлығын аяқтау үшін тағы 280 миллиард теңге қажет. Сондықтан арнайы экономикалық аймақтардың жалпы аумағының 60% бос" — деді Годунова.

Оның айтуынша, арнайы экономикалық аймақтарға салынған инвестиция көлемі 4,3 трлн теңгеден асатындығын, бірақ өнеркәсіпке тек 1,2 трлн немесе 29%-ы ғана тиесілі.

Годунова инвестициялардың жалпы көлемінің 65% квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қатысуымен түскен инвестиция екенін атап өтті. Яғни бұл республикалық бюджеттен немесе Ұлттық қордан бөлінген қаржы.

Мемлекеттің 1 теңгесіне 3 теңгеден сәл артық инвестиция келеді. Оның 1,1 теңгесі жеке меншікке, қалғандары — квазимемлекеттік секторға тиесілі. Бұл жақсы көрсеткіш емес,

деді ол.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров