Еліміздің солтүстік аймағында құс тұмауы тағы табылды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Pixabay

Солтүстік Қазақстан облысында жабайы үйректерде құс тұмауы ауруы тіркелді, деп хабарлайды ЭК

Белгілі болғандай Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында жабайы үйректер құс тұмауының вирусынан өлген. Мұндай диагноз Саумалкөлде өлген бірнеше үйректерден анықталған.

Айыртау ауданы ветеринариялық бақылау бөлімінің бас маманы Бауыржан Өмірзақовтың айтуынша, аудан орталығындағы Саумалкөл көлінде 5 жабайы сүңгуір үйрек өлгеннен кейін оларды құс тұмауы вирусын анықтау үшін тексерген.

Бұл диагнозды астаналық мамандар да растады. Алайда құстағы вирус қауіпті емес дейді мамандар. Сондықтан Айыртау аумағында құс тұмауына байланысты карантин енгізілмейді. Айта кету керек былтыр үй шаруашылықтары мен құс фабрикаларында 1,5 миллионнан астам тауық құс тұмауын жұқтырып, соның салдарынан жұмыртқа бағасы да едәуір қымбаттаған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров