Жамбылда сотталғандарға смартфон сатпақ болған кәсіпкер ұсталды

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

ПД баспаөз қызметі

Колония қызметкерлері 52 дана телефонды тәркілеген, деп хабарлайды ЭК.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/7 төтенше қауіпсіз мекемесінің қызметкерлері жеке кәсіпкердің біріне тиесілі автокөлікті тексеру кезінде 52 ұялы байланыс құралдарын тауып, заңсыз әрекеттің жолы кескен.

polisia.kz сайтының жазуынша сәлемдеме фольгаға мықтап жасырылып, мөрленген ағаш блоктарға салынған. Ал жеткізуші режимдік нысан аумағында орналасқан жеке кәсіпкерліктің иесі болып шықты.

"Алты ай ішінде ЖД-158/7 төтенше қауіпсіз мекемесінде колонияның бүкіл тарихында тыйым салынған заттардың рекордтық саны алынды Оның ішінде 137 ұялы телефон, 14 сим-карта, 26 зарядтау құрылғысы, бес батарея, 15 жұп құлаққап және екі USB-адаптер бар". — деп атап өтті Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков.

Кәсіпорын иесі Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров