Депутат мектептегі 8 пәннің сағатын азайтуды ұсынды

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Бүгінгі Сенат отырысында депутат Алтынбек Нухұлы Үкіметке мектептегі 8 пәннің сағатын азайтуды ұсынды,деп хабарлайды ЭК.

"Білім саласы сапа жағынан бірнеше жылдар бойы ақсап келе жатқаны жасырын емес. PISA қорытындылары бойынша Қазақстанның нәтижесі қуантарлық емес.Орта мектептегі сапаның төмендеуінің негізгі себептің бірі — соңғы 8 жылда мектеп бағдарламасына 8 жаңа оқу пәні міндетті түрде оқытылу үшін кіргізілген екен. Жиынтығы 67 сағат апталық жүктеменің ауырлығы бірде-бір дүниежүзіндегі мемлекетте жоқ",- дейді депутат.

Ол шамадан тыс жүктеме үй тапсырмасын сапалы орындауға да уақыт қалдырмайтыны өз алдына бір бөлек, оқушының эмоционалдық дискомфортқа, үнемі шаршауға, оқуға деген немқұрайдылыққа әкеледі деп санайды.

"Цифрлық сауаттылық пен жаратылыстану, дінтану, графика және жобалау секілді жаңа пәндер математика, химия, биология, қазақ тілі сияқты негізгі пәндердің сағаттарын азайтуға әкеліп соққан. Бұл білім сапасын арттыруға ықпал етпейтіні айдан анық. рыта айтқанда, қосымша жаңадан пәндерді міндетті оқуға енгізуге жол бермеу керек. Қайта жоғарыда көрсетілген 8 пәннің сағаттарын азайтып, тіпті олардың біразын негізгі пәндерге интеграциялау қажет",- дейді Алтынбек Нухұлы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров