Қазақ телевизиясының мэтрі атанған Нұртілеу Иманғалиұлы есімі ұлықталмақ

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Әлеуметтік желіден

Байқау еліміздегі жоғары оқу орындарындағы журналистика факультетінің II, III, IV курс студенттері арасында өтеді, деп хабарлайды ЭК:

"Qazaqstan" Ұлттық телеарнасы қазақ журналистикасына ұшан-теңіз еңбек сіңіріп, өнегелі жол қалдырған қабырғалы журналистің құрметіне байқау жариялады

"Нұртілеу Иманғалиұлы — өзінің эфирдегі үлгісімен Қазақ телевизиясының тұтас бір буынын тәрбиелеген тұлға. Біздің мақсатымыз — осы сабақтастықты жалғау, телевизияда Нұртілеу Иманғалиұлының ізбасарларын дайындау, есімі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау. Екіншіден, бұл болашақ журналистердің шығармашылық шеберлігін шыңдауға көрсеткен қолдауымыз", — дейді "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Үміткерге қойылтан негізгі талап — Н.Иманғалиұлының телевизиядағы тұлғасы жайлы бейнематериал әзірлеу. Материалдар қазақ тілінде қабылданады. Грант 2 жеңімпазға беріледі. Ал грант иегерлерін "Қазақстан" телерадиокорпорациясының қызметкерлерінен құралған арнайы комиссия анықтайды.

Қатысушының жұмыстары 2021 жылғы 28 маусым — 28 тамыз аралығында baiqau@qazaqstan.tv электронды поштасы арқылы қабылданады. Ал стипендия жеңімпаздарға алдағы 2021-2022 оқу жылына беріледі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров