Атыраулық театр Халықаралық фестивальде жеңімпаз атанды

Фархат ӘБІЛОВ

Атырау облыстық Жастар театры

Атырау облыстық жастар театры Қырым Республикасы мен Ресей өкілдері бірлесіп ұйымдастырған Халықаралық ХХІІІ “Боспорские агоны” фестивалінің Бас жүлдесін жеңіп алды, деп жазады ЭК.

Антикалық өнер фестивалі Қырымдағы Керчь қаласында өткен. Атырау облыстық жастар театры фестивальде "Клеопатра" қойылымын сахналап, қалың көрерменнің ықыласына бөленді.

Сондай-ақ қойылымда "Клеопатраны" сомдаған жас актриса Ғайни Кукатова "Үздік әйел адам бейнесі" номинациясының иегері атанды.

Қырымда 1 аптаға жуық уақыт болған театр Қазақстанға қарай жол тартты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров