Мұнайлы астанада заңсыз жүрген мигранттар көбейген

Фархат ӘБІЛОВ

Атырау облыстық ПД

Атырауда "Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасы аясында көші-қон заңдарын бұзған 1185 шетел азаматы ұсталды, деп жазады ЭК

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот қаулысымен 61​ шетел азаматын елден шығару ісі ұйымдастырылып, оның ішінде 15 Өзбекстан азаматы және 1 Тәжікстан азаматы мәжбүрлі түрде Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы "Жібек жолы" бақылау-өткізу бекеті арқылы шығарылды.​ Ел аумағында құжатсыз жүрген 144 шетелдік қабылдау-тарату орталығына тапсырылып, олардың жеке бастары анықталатын болады.

Осы іс-шара өткізілген 10 күннің ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 1514 фактісі анықталып, 1185 шетел азаматы ұсталып, барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ шетел азаматын заңсыз жұмысқа тартқан қазақстандық жұмыс берушілер де жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалады.

Іс-шара барасында мемлекетаралық және халықаралық іздеуде жүрген​ 3​ адам ұсталды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров