Иесіз қалған мұнай ұңғымалары: экологиялық апат әкеледі

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Еліміз бойынша экологиялық апат тудыру қаупі бар 1400-ге жуық мұнай ұңғымасы бар, деп хабарлайды ЭК

Еліміздегі мұнайлы аймақтар, әсірре батыс облыстарда қараусыз қалған мұнай ұңғымалары болашақта экологиялық апат тудыруы мүмкін. Қазірдің өзінде ұңғымалардан қоршаған ортаға тиіп жатқан зиян көлемі аз емес.

"2010 жылдан бері республика бойынша құрлықта 8584, Каспий теңізінің жағалауларында 1262 мұнай ұңғылары зерттеліп, нәтижесінде 82 мұнай ұңғыларын жоюға ұсыныс берілген. Сонымен қатар 2013 жылы Атырау облысының әкімдігі осы мәселені республика деңгейінде көтеріп, аймақ бойынша барлығы 1400 мұнай ағу қаупі бар ұңғылардың бар екенін, оның 128-і Каспий теңізінің суы басып кеткендігі айтылған болатын. Бұл мәселе бір өңірде ғана емес, Маңғыстау және Ақтөбе сияқты басқа да облыстарда бар, — деп мәлімдеген болатын, жуырда ҚР Парламенті Мәжіліснің депутаты Сәлімжан Нақпаев.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінгікүнге Каспий теңізі жағалауында 1 ұңғы, құрлықта 41 ұңғылар жойылған.

Жалпы жер қойнауын пайдаланушы компаниялар меншігіндегі ұңғыларды жою немесе консервациялауды өз есебінен жүзеге асыруы шарт. Бірақ олар міндеттерін толық орындамай кеелді.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда зерттелген және жойылған ұңғылардың статистикалық мәліметтері де сәйкес келмейді. Құрлық пен Каспий теңізінің жағасында жойылуы тиісті нақты қанша апатты ұңғылар қалғаны белгісіз болып отыр. Кезінде есеп жүргізгенде осындай иесіз қалған мұнай ұңғыларының есебіне гидрогеологиялық ұңғылар да еніп кеткен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров