Екібастұзда көмір өндірісі азаяды

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Екібастұз қаласын дамытудың кешенді жоспары аясында және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Екібастұзда көмір өндірісінің көлемі азаяды, деп жазады ЭК.

"Екібастұздың индустриялық аймағында жалпы құны 227,5 млрд теңге болатын инвестициялық жобалар қолға алынады. Қазір қалада энергия блоктарын жаңғырту жобасы жедел жүргізіліп жатыр. Мұның бәрі — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз әзірлейтін Екібастұзды дамытудың кешенді жоспарының бір бөлігі", — деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Облыс әкімі Президент тапсырмасына сәйкес жергілікті әкімдіктің алдында қаланың отын энергетикасына тәуелділігін азайту міндеті тұрғанын атады. Сол себепті көмір өндірісі азайып, болашақта инновациялық технологиялар қолданылатын болады.

"Жоспардың негізгі мақсаттарының бірі — Екібастұз экономикасының отын-энергетикалық кешенге тәуелділігін төмендету. Ол үшін көмір өндірісін төмендетіп, инновациялық технологияларға көшу қажет. Қаланың өнеркәсібінде өңдеу саласының үлесін ұлғайтамыз. Бұл бағыттағы жобаларды қаржыландыру үшін бюджеттің 1 теңгесіне жеке инвестицияның 10 теңгесін тартуды көздеп отырмыз", — деді Әбіқайыр Сқақов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров