Қостанайдағы әйелдің өліміне қатысты тың деректер шықты

Абылай МАУДАНОВ

ПД баспасөз қызметі

Қостанайда әйелді пышақтап өлтірген бұрынғы күйеуі екені белгілі болды, деп хабарлайды ЭК.

16 маусым күні 37 жастағы Қостанайдың тұрғыны қала орталығында 33 жастағы әйелді аяусыз пышақтап, көп ұзамай күдіктінің қолға түскенін хабарлаған болатынбыз. Қостанай қалалық ПБ бастығының орынбасары Ербол Мырзатаев осы іске қатысты түсініктеме берді.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

"Бұрын олар ерлі-зайыпты болған. Араларында 2011 жылы туған бала бар. Олар 2016 жылы ресми түрде ажырасқан. Кейін қайта бірге тұрады. Бірақ, дәм-тұзы жараспаған. Күдікті 2018 жылы бұрынғы жұбайына отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-бабы бойынша жауапқа тартылған", — дейді Ербол Мырзатаев

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров