Биыл "Алтын белгі" иегерлерінің саны рекордтық көрсеткішке жетті

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Әлеуметтік желіден

2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша 9 738 түлек "Алтын белгі" иегері атанды деп хабарлайды ЭК.

Білім қызметкерлерінің айтуынша бұл өткен жылдармен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш. Себебі 2019 жылы төсбелгіні 7349 оқушы алса, 2020 жылы 8 615 оқушы иеленген.

"Алтын белгі" иегері атанған түлектердің басым бөлігі Түркістан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан. Ерекше үлгідегі аттестат иегерлері салтанатты іс-шара барысында марапатталды. Айта кету керек еліміздің оқушылары әлемдік зияткерлік байқауларға қатысып, 67 алтын, 125 күміс және 195 қола медаль жеңіп алды.

Сонымен бірге халықаралық аренада өз білімдерін көрсетті. Сөйтіп білім бәсекесінде әлемнің 110 елінің арасында бейресми командалық есепте үздік отыздыққа кірді. 1998 жылы Қазақстан 50-ші орында болған еді.

"9 738 үміткер қорытынды аттестаттау барысында өз білімдерін дәлелдеп, "Алтын белгі" иегері атанды. Бұл түлектердің жалпы санының 6,2% құрайды. Мектеп оқушыларының саны жыл сайын артып келеді. Сәйкесінше, жақсы көрсеткіштерге жеткендердің саны да өсіп жатыр. Сонымен қатар тағы қуантарлық жәйт — "Алтын белгі" иегерлерінің көбі мұғалім мамандығын таңдап жатыр", — деп атап өтті ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров