Алматыда 41 400-ден астам адам коронавирустан емделген

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

2021 жылдың бес айында Алматының ковидтік ауруханаларында 41 мыңнан астам адам ем алған. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп жазады ЭК.

Н. Табынбаев қала тұрғындарында коронавирусқа қатысты жағдайға ықпал ету мүмкіндігінің бар екенін сөз етті. Оның пікірінше, пандемияны вакцина арқылы жеңуге болады.

Бұл — СОVID-19 індетін алдын алудың және "қызыл аймаққа" түспеудің сенімді әрі қауіпсіз тәсілі. Қазірдің өзінде Алматыда 357 299 адам вакцина алды. Екпе салдырғандардың жалпы санындағы 41 117 адам 60 жастан асқандар,

деді ҚДБ басшысы.

Алматыда медициналық ұйым, мектеп, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да 211 вакцина пункті жұмыс істейді. Құрамында 1 257 адам бар 304 екпе бригадалары жұмыс жасауда.

ҚДБ басшысы "жасыл аймаққа" қарамастан, Алматының инфекциялық ауруханаларында 701 адамның ем алып жатқанын, олардың ішінде 27 бала барын айтты. Сондықтан адам көп жиналатын жерден аулақ болып, байланысты азайтып, коронавирустан вакцина алу қажет.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров