Қазақстанда 55 бала суға батып, мерт болды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Pixabay

Биыл жаз айы басталмай жатып еліміздің су қоймаларында 115 адам, оның ішінде 55 бала суға батып кетті, деп ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ЭК хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Мерген ауылы маңындағы шұңқырға батып кеткен ағалы-қарындастың қазасы туралы ЭК сайтында жарияланды. Сондай-ақ Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылында 11 жасар бала өзенге ағып кетіп, суға батқан.

Осындай жағдай Шығыс Қазақстанда да тіркелді. Белоусовка ауылының шетіндегі көл түбінен құтқарушылар бір апта бұрын суға батып кеткен 42 жастағы ер адамның денесін тапты.

Досымен балық аулауға шыққан азамат абайсызда суға кеткен. Сүңгуірлер бірнеше күн бойы су түбінен іздеп, тек 16 маусымда денені су бетіне шығарды.

Жыл басынан бері республика бойынша 89 адамды құтқарылды, оның тоғызы балалар.

Жаздың нағыз ыстығы алда сондықтан ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ су айдындары, суару арықтары мен каналдар маңында балаларды ерекше назарда ұстауды ескертеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров