Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт 5 адамды атып тастады

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Pxhere

Шамамен 30 метр жерден атылған бытыра 5 жігітке тиген, деп хабарлайды ЭК.

polisia.kz сайтының жазуынша, ауыл жастарының арасында текетірестің соңы атыспен аяқталған.Үшеуі қазір аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр. Ал қалған екеуі Тараз қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілген. Оқ екеуінің де басына тиіп, біреуінің миына қан құйылған. Қазір олар жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

"Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұзақылық ниетпен "Бірнеше адамды өлтіруге оқталу" бабымен іс қозғалды. Бұл азаматтардың арасында жанжал болғандығы анықталды. Содан кейін күдікті оларға қарай оқ атқан. Ол жедел іздестіріліп ұсталды. Қылмысын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды", деді облыстық ПД криминалдық полиция бастығы Ардақ Мәдімаров.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров