Атырауда екпе салдыртқандарға тәтті мен печенье сыйлады

Фархат ӘБІЛОВ

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы

Атырауда коронавирусқа қарсы екпе алғандарға сыйлық беріліп жатыр. Сыйлықтың ішінде – бір қорап шәй, тәтті мен печенье бар, деп жазады ЭК.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, сыйлықты қаладағы "Дина" базарындағы екпе салу пунктінен алуға болады.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасыАтырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы
Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы

"Біз базардың вакцинация пунктінде екпе алған әрбір адамға сыйлық беруді шештік. Пандемия әлі аяқталған жоқ, вирус бар және қауіпті, бірақ біз тұрғындар ,кейде қауіпсіздік шараларын ұмытып кетеміз. Сондықтан біз ұжыммен бірге халықты вакцинациялауға шақырып, бастама көтердік", — дейді әкімшісі Баян Райымқұлқызы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, күзге қарай вакцинацияланғандар арасында тұрмыстық техниканың ұтыс ойынын өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, жақын арада басқа сауда орталықтарының иелері де вакцина алғандарға сыйлықтар беруді жоспарлап отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров