Бюджеттің 570 млрд теңгесі тиімсіз жұмсалған

Нұрболат АДЫРБЕК

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Мемлекеттің қазынасынан 570 млрд теңге тиімсіз жұмсалған, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы бүгін Сенатта Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы үкіметтің есептік баяндамасында айтты.

Ол бюджет ақшасын тиімсіз пайдаланғаны үшін лауазымды адамдардың жауапкершілігін күшейту жұмысын жалғастыру қажет екенін де атап өтті.

"Әр теңге тиімді жұмсалуы керектігін ескерсек, бұған жол беруге болмайды. Сондықтан біз былтыр бастаған мемлекеттік ресурстарды тиімсіз пайдаланғаны үшін лауазымды адамдардың жауаптылығын күшейту жөніндегі жұмысты жалғастыру өте маңызды деп санаймыз", — деді төраға.

Сондай-ақ осы жылдың басынан бергі мемлекеттік аудит органдары тексерісі анықтаған 11 лауазымдық тұлға әртүрлі жазаға тартылған. Годунова бүгінде қолданыстағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске әзірге тек екі дефиниция енгізілгенін атап өтті. Тағы үш дефиницияны жаңа норманың жұмыс жасау нәтижелері бойынша қарау туралы шешім қабылданғанын жеткізді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров