Салық төлеуден жалтарған "Ertis" футбол клубының директоры сотталды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Pxhere

Мемлекетке 193 миллион теңгеден астам қарызы бар Серік Омарханов істі болды, деп хабарлайды ЭК.

Бас бостандығынан айырылған Ertis" футбол клубының директоры сонымен бірге 3 жыл бойы қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды иелену құқығынан айырылды.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Серік Омархановтың салық төлеуден жалтарғанын анықтаған. Нәтижесінде міндетті салығын төлемей нәтижесінде мемлекетке 193 миллион теңгеден астам залал келтірген.

Кінәлі 2019 жылы клубтың шотында жеке табыс және әлеуметтік салықтарды төлеуге ақша жеткіліксіз екенін біле тұра, клубтың негізгі құрамындағы ойыншылардың жалақысы бекітілген шығындар сметасынан бірнеше есе көп болғандықтан, оларды төлеуден жалтарған.

Сондай-ақ бухгалтеріне салық декларациясына кірістер мен шығыстар туралы бұрмаланған ақпаратты енгізуді, клубтың негізгі құрамындағы ойыншылардың жалақысын төмендетуді бұйырған. Тіпті ол салық 2020 жылы төленеді деп уәде берген.

Бұған дейін футбол клубының басшысы болған Серік Омархановтың қылмыстық ісі Павлодардың №2 қалалық сотында қаралды. Сотта сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Енді бір жыл бойы темір тордың ар жағында жазасын өтейді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров