Павлодар әкімдігі 1,5 млрд теңге бөлсе де масадан құтыла алмады

Бек ТӨЛЕУОВ

Pixabay

Жаз шықса Павлодардағы өзекті мәселенің бірі – маса. Облыс әкімдігі үш жылға 1,5 млрд теңге қаржы бөлсе де, бұл мәселені шеше алмай отыр, деп хабарлайды ЭК.

Бүгін Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халық алдында есеп беру кездесуінде тілшілердің бірі осы сауалды тағы қойды. Өйткені жергілікіті халықтың масаға деген шағымы көп.

"Шыбын-шіркеймен күрес — өте өзекті, әлеуметтік мәселе. Жеке басым оны маңызды негізгі міндеттердің бірі деп санаймын. Мердігерге арналған конкурстық құжаттамада біз де, адамдар да осы жұмыстың тиімділігін сезінбейінше, орындалған жұмыс үшін аванс та, ақша да бермейміз деген шарт қойдық. Облыстық мердігер бойынша жұмыстар уақытылы басталды. Проблема неде? ғылыми сүйемелдеу топтары нақты мерзімін айтады, бірақ ауа температурасы көтерілді, шыбын-шіркей ұша бастады, бір бөлігі облыс орталығына жетеді, содан кейін тосқауылды өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл тұрақты түрде атқарылатын жұмыс. Біз шыбын-шіркеймен күресіп жатырмыз. Масалардың азайғанын біз де, тұрғындар да байқады. Бірақ масалар саны азайғанымен, шіркейлер көбейді", — дейді әкім.

Оның айтуынша, үш жылға 1,5 млрд теңгенің қаражаты бөлінген. Алайда облыстың табиғи жағдайы, суға жақын орналасуы себебінен масаны толықтай жоя алмайтындарын айтты.

"Жыл сайын Павлодар облысына шығыстан миллиардттаған текше метр су келіп, 15-20 шақырымға жайылады. Бұл жерлер шыбын-шіркейге өте қойлайлы. Өкініштісі сол, кей аумақтарға дезинфекция жасаушылар жете алмайды. Дегенмен біз мердігерге бостан-бос ақша төлеген жоқпыз, жұмыс нәтижесіне қарап қана қаражат бөлеміз", — дейді Әбілқайыр Сқақов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров