Қазақстандық футбол бапкері Ресей командасын жаттықтырады

Бек ТӨЛЕУОВ

twitter.com / pfc_cska

Қазақстандық футбол бапкері Григорий Бабаян Ресейдің ЦСКА клубының бапкерлер штабына қосылды. Бұл туралы Мәскеу клубының ресми сайтында хабарланды, деп жазады ЭК.

Ол хорватиялық Ивица Олич кеткеннен кейін бас бапкердің міндетін атқарушы болып тағайындалған Алексей Березуцкийге көмектеседі. Бұл командада қазақстандық футболшы Бактиер Зайнутдинов ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, Григорий Бабаян 2019 жылдан бастап Қостанайдың "Тобыл" клубын жаттықтырады. Қазақстан премьер-лигасының өткен маусымында "Тобыл" екінші орынды иеленген. Ал Мәскеудің ЦСКА клубының Ресей чемпионатындағы ойынына келетін болсақ, бұл команда 2020/21 маусымды тек алтыншы орында аяқтады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров