Баспасөз қызметінің өкілі бейнекамераның флешкасын жеп қойды

Экспресс К.

MY5

Өзбекстанның Самарқанд облысы хокимияты баспасөз қызметінің өкілі журналистерден камера флешкасын тартып алып, аузына салып жұтып қойды. Ол осылайша MY5 телеарнасының жұмысына кедергі жасауды көздеген, деп жазады ЭК.

Kun.uz мәліметінше, аталған телеарнаның түсіру тобы Самарқандқа 14 маусымда келіп, базардағы өрттің салдары туралы репортаж әзірлемек болған. Аудан басшысының пікірін алмақ болып, хокимиятқа барғанда, баспасөз қызметінің өкілі Илхом Бобоев тілшілерге қарсылық көрсетіп, тап беріпті. Сөйтіп, ол оператордың қолындағы камераның флешкасын тартып алған.

Әріптестерімнің айтуынша, ол картаны аузына салып, күрт-күрт еткізіп шайнап жіберген. Жеп қойды ма, жұтып қойды ма, ол жағын білмеймін. Онда маңызды материалдар бар еді,

дейді телеарна тілшісі.

Облыс әкімшілігіндегілер жағдайды бақылауға алып, екі тарапты қатыстырып, мән-жайды анықтайтынын хабарлаған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров