Америкалық сүңгуір Жүніс пайғамбардың оқиғасын бастан кешті

Ауғанбек МАНАРБЕКҰЛЫ

Pixabay

Америкалық Майкл Паккард құранда оқиғасы баяндалған Жүніс пайғамбардың тағдырын қайталады, деп хабарлайды ЭК Cape Code Times басылымына сілтеме жасап.

Шаян аулап табыс тауып жүрген 56 жастағы Майкл Паккард әдеттегідей мұхитқа сүңгіп жүріп, бір сәтте тас қараңғыда қамалып қалғанын сезеді. Америкалық аквалангист көп ұзамай өзін кит жұтып қойғанын түсінеді. Алып жануардың жақ еттерінің қозғалысынан жан ұшыра шошынған ер адам, тез арада құтылудың қамын жасап, қарсылық танытады. Оның айтуынша, бұл арпалыс 30-40 секундқа созылған.

Абырой болғанда, кит аквалангистің оңайлықпен берілмесін түйсініп, жөніне қоя берген. Киттің азуынан аман қалған сүңгуірді оқиғаға куә болған өзге теңізшілер тез арада ауруханаға жеткізіпті. Қазір Майкл Паккардтың жағдайы бірқалыпты, денсаулығына зиян келмеген.

Құран мен Інжілде Жүніс пайғамбарды кит жұтып қойғаны туралы оқиға баяндалады. Мұндай жағдай шындыққа жанасатынға ұқсайды. 1891 жылы кит аулаушы Джеймс Бартлидің 16 сағаттан соң алып балықтың жемсауынан аман шыққаны туралы дерек сақталған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров