Павлодарда салынып жатқан үй қирап, үш адам зардап шекті

Нұрболат АДЫРБЕК

ТЖД

Бүгін Павлодарда құрылысы жүргізіліп жатқан төрт қабатты тұрғын үй опырылып түсті, деп хабарлайды ЭК.

ТЖДТЖД
ТЖД

Оқиға қаладағы Торайғыров көшесінде болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша апат салдарынан үш ер адам зардап шеккен. Олар — құрылысшылар.

1987 жылы туған ер адамға — ​​жабық бас сүйегі және ми жарақаты, мидың шайқалуы, жамбастың жырылған жарасы диагнозы қойылды. 1996 жылы туған азаматқа да жабық бас сүйегі және ми жарақаты, мидың шайқалуы, оң қолдың жыртылуы деген диагноз қойылса, 1993 жылы туған жігіттің диагнозы әлі нақтыланып жатыр.

ТЖДТЖД
ТЖД

Төтенше жағдайлар департаментіне оқыс оқиға жайлы хабарлама сағат 19:41-де түскен. Сол мезетте оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД-нан 12 қызметкер мен 3 техника, Апат медицинасы орталығынан 3 қызметкер мен 1 техника жедел жетті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров