Алматыда электр кабелін тартушы компания лицензиясынан айырылды

Экспресс К.

Pixabay

Алмалы және Бостандық аудандарында электр кабельдерін тартушы «Бадимус-Строй» ЖШС жауапқа тартылды, деп жазады ЭК.

Алматы қалалық құрылыс бақылау басқармасының дерегінше, аталған компания автожолдар мен кабель трассаларының қиылысу бойынша қабылданған жобалық шешімдерді өрескел бұзған.

"Кабельді асфальт-бетон жабындысын ашып, траншеяларға ашық түрде тартқан. Содан автожолдар құрылымының бүтіндігіне зиян келіп отыр. Қайта көмген кезде топырақ қабаттары нығыздалмаған. Соның кесірінен, жол ойылып жатыр. Былтыр да бұл компанияны жауапкершілікке тартқан болатынбыз. Таяуда біздің талап-арызымыз бойынша сот мердігерді құрылыс лицензиясынан айырды", — деп түсіндірме берді Алматы қалалық құрылыс бақылау басқармасы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров