Нью-Йорк коронавирусты «жеңіп», отшашу жасады

Экспресс К

© Getty Images

Нью-Йорк тұрғындарының 70 пайызы коронавирусқа қарсы екпе алды.

Бұл жетістікті қала басшылығы 20 минут бойы от шашумен мерекеледі, деп хабарлайды ЭК, ресейлік ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

70 пайыздық меже — ұжымдық иммунитет қалыптастырудың басты алғы шарты. Осылайша Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо 15 маусымның кешінен бастап мегаполистегі әлеуметтік ара қашықтық, дезинфекция, келушілердің санын шектеу талаптары тоқтатылғанын мәлімдеді.

Әзірге дүкендер мен мейрамханалар ғана қала тұрғындарынан бетперде тағуды талап ете алады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров