Жан-Клод Ван Даммның ұлы әзірбайжандық пианиношыға үйленді

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Әлемге әйгілі америкалық актер Жан-Клод Ван Даммның ұлы – Кристофер Ван Варенберг әзірбайжандық пианиношы ару Суад Хаджизадеге үйленді, деп хабарлайды ЭК «Sputnik Әзірбайжан» агенттігіне сілтеме жасап.

Қуанышты жаңалықты ең алғаш пианиношы қыз өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Продюсер Кристофер Ван Варенберг — Жан-Клод Ван Дамм мен бұрынғы бодибилдер Глэдис Португездің ұлы. Оның жүрегін жаулаған Суада Хаджизаде талантымен танылған өнерпаз. 21 жастағы әзірбайжандық пианиношы халықаралық байқауларда бірнеше рет лауреат атанған.

Өнерлі бойжеткен Георгий Шароев атындағы №35 музыкалық мектепті бітірген. Оның есімі Әзірбайжанның жас таланттары қамтылған алтын кітапқа енді.

Екі жас заңды түрде некелерін қидырған. Дегенмен, олар әлемді әбігерге салған індетке байланысты үлкен той өткізуден бас тартты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров