«QURBAN-2021» жобасы екі бағытта іске аспақ

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

ҚМДБ

Онлайн жиынға қатысқан дін қызметкерлері биылғы Құрбан айт мейрамына дайындық жұмыстары мен имамдардың білімін жетілдіру барысын талқылады.

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты Діни басқарма "QURBAN-2021" жобасын іске асырудың екі бағытын ұсынып отыр. Біріншісі, мемлекет тарапынан рұқсат берілген жағдайда қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып әдеттегідей құрбан шалу рәсімін ұйымдастыру, екіншісі, арнайы дайындалған "QURBAN-2021" веб-сайты арқылы онлайн түрде құрбан шалдыруға да мүмкіндік жасалады. Құрбан айттағы қайырымдылық шараларына мемлекет тарапынан да қолдау болады.

ҚМДБҚМДБ
ҚМДБ

"Өздеріңізге белгілі, өткен 2020 жылдың Құрбан айт мерекесі қарсаңында ел мұсылмандарының өтінішін ескере отырып қоғам алдындағы қайырымдылық қызметін жандандыра түсу мақсатында және еліміздегі эпидемиологиялық жағдай кезінде мұсылмандық міндетті кедергісіз атқаруға оңтайлы ұсыныс ретінде Qurban-2020 жобасын іске қосқан болатынбыз. ҚМДБ орталық аппаратының техникалық мамандары қысқа мерзімде www.qurban2020.kz веб-сайтын жасақтап шықты. Аталмыш сайтта құрбандық малын шалу үшін тапсырыс беру, құрбандық етін алу үшін өтініш беру және құрбандық шалынғандығы туралы мәлімет сынды қызметтер қамтылды", — деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

ҚМДБҚМДБ
ҚМДБ

Сондай-ақ онлайн жиында имамдардың білім деңгейі де қозғалды. Еліміздегі Имамдардың білімін жетілдіру институты 2002 жылы құрылған. Алғашқы кезде 1257 дін қызметкері білімін шыңдаса, 2019 жылы 4 топта 182 имам оқып білім алған. Сондай-ақ осы оқу орнында алыс — жақын шетелдерден имамдар келіп, білім жетілдірген. Елдегі эпиджағдайға қарамастан имамдарды оқытуға бар мүмкіндік жасалды дейді дін қызметкерлері. Онлайн оқу ұйымдастырылып, былтырдан бері 300-ден аса имам білімін көтерген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров