Хабиб Нұрмагомедов Геннадий Головкинге кеңес берді

Ауғанбек МАНАРБЕКҰЛЫ

instagram.com / khabib_nurmagomedov

UFC экс-чемпионы Хабиб Нұрмагомедов Алматыда өткен пресс-конференция барысында журналистердің Геннадии Головкин туралы сауалына жауап берді, — деп хабарлайды ЭК, Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Дағыстандық спортшы Головкинмен жеке танысқанын, оның спорттағы мансабын бақылап отыратынын айтты. "Геннадий Головкин — әлемдік деңгейдегі боксшы. Ол соңғы жекпе-жекке шығып, өзінің қалған ғұмырына жететін ақша тауып, спортты доғаруы керек. Бұл — өз пікірім. Меніңше, әсіресе, жеңіл салмақтағы спортшылар 35 жастан асқан соң мұндай спорт түрлерінен кету керек. Оның отбасы бар, бар өмірі алда, бизнеспен айналысуына болады. ММА-дан гөрі бокста жарақат алу қаупі жоғары. Жекпе-жек спорттан соң буын жарақаттанса, бокста миға зақым келуі мүмкін. Қазір оған "Канело" тәрізді жастармен жұдырықтасуға болмайды", — деді Хабиб.

Айта кетелік, 18 маусымда "Алматы Аренада" аралас жекпе-жек түрлері бойынша Eagle Fighting Champiomship — EFC 37 турнирі өтеді. Хабиб спорттық шараға арнайы шақырылған қонақ ретінде қатысады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров