COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 406383 ЖАЗЫЛҒАНДАР 382461 ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4211

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған COVID-19 жұқтырудың 1 мың 174 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады жұма күні коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).

Бір күн бұрын елде 1 мың 145 Сovid-19 оқиғасы анықталды, 8 адам қайтыс болды.

Пандемия басталғаннан бері елде Сovid-19 -дың барлығы 406 мың 383 жағдайы расталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында — 372,

Алматы қаласында — 105,

Шымкент қаласында — 37,

Ақмола облысында — 38,

Ақтөбе облысында — 34,

Алматы облысында — 37,

Атырау облысында — 62,

Шығыс Қазақстан облысында — 90,

Жамбыл облысында — 18,

Батыс Қазақстан облысында — 71,

Қарағанды облысында — 152,

Қостанай облысында — 32,

Қызылорда облысында — 20,

Маңғыстау облысында — 30,

Павлодар облысында — 44,

Солтүстік Қазақстан облысында — 16,

Түркістан облысында — 16.

Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 382 мың 461 адам емделді, оның ішінде соңғы тәулікте 1 мың 435 адам.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, пандемия басталғаннан бері ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекциядан (КВИ+) 4 мың 211 адам қайтыс болды, оның ішінде 8 — і соңғы тәулікте.

Сонымен қатар, елде бір тәулік ішінде ПТР (КВИ -) расталмаған коронавирус белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылықтың 79 жағдайы анықталды, бір адам қайтыс болды. Бір күн бұрын пневмониямен ауырудың 57 жағдайы және одан төрт өлім тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап республикада коронавирустың клиникалық көріністері бар, бірақ ПТР нәтижесі теріс пневмониямен сырқаттанушылықтың 56 мың 412 жағдайы тіркелген, 3 мың 421 адам қайтыс болған.

18 маусымдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекциядан 20 мың 899 адам ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 19 мың 711 — оң ПТР-тестімен (КВИ+) және 1 мың 188 — теріс (КВИ-), стационарларда 6 мың 403 пациент, амбулаториялық емдеуде 14 мың 496 пациент бар.

"КВИ+ және КВИ- аурушаңдарының ішінен 442 пациент ауыр халде, аса ауыр халде — 106, ӨЖЖ аппаратында — 72", — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров