Украина мен Солтүстік Македония арасындағы ойын тартысты өтті

Нұрболат АДЫРБЕК

© Getty Images

Украина мен Солтүстік Македония құрамалары арасындағы матч осы чемпионаттағы ең тартысты кездесулердің бірі болды, деп хабарлайды ЭК.

Алғашқы таймдағы толассыз шабуылдар нәтижесі 29-шы минутта Ярмоленконың, араға 5 минут салып, 34-ші минутта Яремчуктің македониялықтардың қақпасына голдар салуымен саябырсыған болды. Алғашқы 45 минут осылайша украиндардың басымдығымен аяқталды.

Екінші турда македониялықтардан Алиоски 57-ші минутта есепті қысқартты. Бірақ бұл гол негізгі нәтижеге ешқандай әсер ете алмады. Себебі, ол Солтүстік Македонияның осы матчтағы жалғыз голы ретінде тіркелді.

© Getty Images© Getty Images
© Getty Images

Ойынның 83-ші минутында Руслан Малиновскийдің пеналтиден кіргізген добы арқылы Андрей Шевченконың жігіттері қарсыластың қорғаныс шебін тағы бір бұзып кіргендей болған. Бірақ бұл пеналти төрешілер шешімімен есепке алынбады.

Сонымен, Украина Солтүстік Македонияны 2:1 есебімен ұтты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров