Израиль Газа секторына тағы да әуеден соққы берді

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Израильдің Қорғаныс әскері өткен түнде ХАМАС нысандарына зымыранмен соққы берді.

Бұл — қарсылас тараптар арасындағы соғысты тоқтату режимі жарияланғаннан кейін соңғы бір аптада болған екінші шабуыл, деп хабарлайды ЭК Vesti.ru ақпаратына сүйеніп.

Израиль мен Палестина анклавы арасында 21 мамырда болған бейбіт келісім тағы бұзылды. Осы келісімнен кейінгі бірінші соққыны Израиль 16 маусымда берген еді. Енді жұмаға қараған түні тағы да әуеден атқылау басталды.

Израильдіктер ХАМАС нысандарын Газа аумағынан жарылғыш шарлар мен жанғыш заттардың жіберіліп жатқанынан байланысты атқылаған. Бұл заттар еврей мемлекеті аумағындағы өрттерге себеп болыпты. Палестиналықтар тарапынан мұндай әрекет үш күн бойы жалғасып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров